- Барлық ақпарат
Қытай-Еуропа (Ухань) пойызы Қазақстанның ең солтүстік аймағына бағыт алды
25 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Мәліметтерге сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысынан Шыққан Қытай-Еуропа пойыздарының астық тиелген кері пойызы жақында Алашанькоу портынан елге кіріп, Хубэй өлкесінің Ухань қаласына жетейін деді.
Арнайы пойызға бидай ұны тиелген. Уханьға келгеннен кейін ол Хубэй өлкесіндегі компаниялардың бірқатар зауыттарына жем ретінде өңдеуге бөлінеді.
Қазақстан - әлемдегі маңызды азық-түлік өндіруші және экспорттаушы ел. Қазақстандағы Орал, Көкшетау, Жаркент қалаларына қайтарында астық тиеп келетін арнайы пойыздар ашылғаннан кейін, Хубэй Орталық Азиядағы астық тиеп қайтатын төртінші арнасын сәтті іске қосты. Статистикаға сүйенсек кері қайтатын пойыздар негізінен Қазақстан мен Өзбекстаннан бидай кебегінің түйіршіктерін, зығыр, арпа және басқа да өнімдерді тасымалдайды.
Соңғы жылдары Хубэй өлкесінің кәсіпорындары Орталық Азия елдерінің нарықтық қажеттіліктерін қанағаттандырып, сыртқы нарықты да кеңейтті. Хубэй тоқыма бұйымдары, электронды бұйымдар, көлік құралдары және т.б. Қытай-Еуропа (Ухань) пойыздарымен Орталық Азия елдерінің базарына жіберіліп жатыр.
people.cn © People's Daily Online