Шыңжаңның Қашқарынан-Дубайға TIR халықаралық автомобиль көлігі желісі ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 желтоқсан

25 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 23 желтоқсан күні 2,1 тонна тұрмыстық қажетті затқа толы, TIR белгілері шапталған көлік Шыңжаңдағы Қашқар жан-жақты еркін сауда аймағынан жолға шықты. Ол Дубайға 10 күннен кейін жетеді. Бұл Қашқардан Дубайға халықаралық TIR автомобиль көлігі маршрутының ашылғанын білдіреді.

TIR - бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының «Халықаралық автомобиль көлігі туралы конвенциясының» ережелеріне сәйкес жүзеге асырылатын трансшекаралық автомобиль көлігі логистикасы. Ол кедендік рәсімдеудің тиімділігін арттыруға, көпжақты сауда мен халықаралық тасымалдауды жеңілдету мен қауіпсіздігін жоғарлатуға бағытталған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото