2024 жылы ұлттық мақта өндірісі былтырмен салыстырғанда 9,7%-ға артты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 желтоқсан

26 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық статистика бюросының 25 желтоқсан күні жариялаған деректеріне сәйкес, 2024 жылы ұлттық мақта өндірісі 6,164 миллион тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 546 000 тоннаға жоғарылап, 9,7%-ға өскен.

Егіс алқабының ұлғаюына және өнімділіктің артуына байланысты ұлттық мақта өндірісі жоғарылады. 2024 жылы ұлттық мақта егу алаңы 42,574 миллион муды құрап, бұл өткен жылмен салыстырғанда 752 000 му қосылған, ұлттық мақта өнімділігі 144,8 кг/му болып, өткен жылмен салыстырғанда 10,4 кг/му-ға артып, 7,8%-ға жоғарылаған.

Статистика сонымен қатар 2024 жылы Шыңжаңдағы мақта өнімділігі 154,9 кг/муды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11,0 кг/му-ға жоғарылап, 7,6%-ға көтерілгенін көрсетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото