- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин Әзербайжан ұшағының апатқа ұшырауына байланысты тиісті елдердің басшыларына көңіл айтты
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 27 желтоқсан
27 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 26 желтоқсанда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке, Ресей президенті Владимир Путинге және Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа әзербайжандық ұшақ апатынан жарақат алып, қаза тапқандарға байланысты көңіл айтты.
Си Цзиньпин Әзербайжан әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырап, жолаушылар жарақат алып, қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын айтты. Төраға Қытай Үкіметі мен Қытай халқының атынан қаза тапқандарға қайғырып аза білдіріп, олардың туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online