- Барлық ақпарат
Еуразия экономикалық одағы бірыңғай кедендік транзит жүйесі жөніндегі шарт қабылдады
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 27 желтоқсан
ҚР Мемлекет басшысы Ресейдің Ленинград облысына жұмыс сапары аясында Еуразия экономикалық одағының саммитіне қатысты, деп хабарлайды qazaqstan.tv.
Онда Одаққа мүше елдер басшылары кедергісіз ішкі нарық құру мәселесі мен өнеркәсіп саласындағы кооперацияны дамыту жайына тоқталды. Әрі Одақтың басқа нарық ойыншыларымен қарым-қатынасына қарқын қоса түсудің маңыздылығына мән берді. Отырыстан соң тараптар бірнеше құжат бекітті. Қол қойылған құжаттың бірі – Бірыңғай кедендік транзит жүйесі жөніндегі шарт. Соның арқасында үшінші тараптар Одақтың транзит жүйесіне қосылуға мүмкіндік алмақ.
Келісімнің негізгі мақсаты – жүк жеткізу кезіндегі бизнеске түсетін салмақты азайту арқылы тасымал ісін жеңілдету. Бұл айналып келгенде соңғы тұтынушыға маңызды.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online