Қол ұстасып болашаққа аттану

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 30 желтоқсан

30 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- «Әлем қайда бара жатыр және адамзат не істеуі керек?» деген осы жаһандық мәселе алдында Төраға Си Цзиньпин 2013 жылы алғаш рет «Тағдыры ортақ адамзат қауымдастығы» тұжырымдамасын ұсынды. Сол жылдың қыркүйегінде Төраға Си Цзиньпин «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құру бастамасын алға қойып, «Тағдыры ортақ адамзат қауымдастығын» құрудың практикалық платформасын құрды.

Он жылдан астам уақытты еңсергеннен кейін, осы бір тұжырымдама концептуалды ұсыныстан ғылыми жүйеге дейін дамыды, қытайлық бастамадан халықаралық консенсусқа дейін кеңейді, жарқын көзқарастан практикалық нәтижелерге айналды, сондай-ақ адамзат үшін жақсы әлем құру жоспары кезең-кезеңімен шындыққа айналды.

Бейбітшілік, даму, ынтымақтастық және ортақ ұтысқа жетудің толқынын тоқтату мүмкін емес. Әлемдегі барлық ел тағдыры бір үлкен кемеге мініп, дауылды толқындармен бетпе-бет келгенде, тек бірлесе отырып қана, жарқын болашаққа аттана алады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото