- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржолы жобасының ашылу салтанатына құттықтау хат жолдады
30 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 27 желтоқсан күні Қырғызстанның Жалал-Абад қаласында Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржол жобасының іске қосылу рәсімі өтті. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин ашылу салтанатына құттықтау хат жолдады. Іс-шараға Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қатысты, ал Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев құттықтау хат жолдады.
Си Цзиньпин Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржолының құрылысы үш елдің үкіметтері аймақтық өзара байланыстарға және аймақтық өркендеу мен тұрақтылыққа жәрдемдесуге бағыттап, қабылдаған стратегиялық шешім екенін атап өтті. Ол үш ел халқының осы стратегиялық арнаны ашудағы ізгі тілектерін көрсетеді. Бүгінгі іске қосу рәсімі жобаның өз жоспары бойынша іс жүзінде жүзеге асырылғанын және оны аяқтап, көлік қолданысына берілу мақсатына негізгі қадам жасағанын білдіреді.
Си Цзиньпин үш елдің тиісті ведомстволары мен кәсіпорындары жобалық құрылысты жоғары стандарттармен және жоғары сапамен ілгерілету үшін бірлесіп жұмыс істейді деп үміттенетінін атап өтті. Төраға Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржолын «Бір белдеу, бір жолды» бірге салудағы ынтымақтастықтың жаңа демонстрациялық жобасына айналдыруға күш салу, сол арқылы жол бойындағы аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуына, халықтың тұрмысы мен әл-ауқатын жақсартуға көмектесіп, тағдыры ортақ Қытай-Орталық Азия қауымдастығы құрылысына жаңа серпін беретінін атап айтты.
people.cn © People's Daily Online