Путин мен Әлиев Ақтау маңында құлаған ұшаққа қатысты талқылауды жалғастырды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 30 желтоқсан

Ресей президенті Владимир Путин мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев телефон арқылы сөйлесті, оның барысында Әзербайжан әуе көлігінің апатқа ұшырауына қатысты мәселені талқылауды жалғастырды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: «Путин мен Әлиев бүгін телефон арқылы сөйлескен кезде Әзербайжан әуе жолдары ұшағының апатқа ұшырауына қатысты түрлі мәселелерді талқылауды жалғастырды», - деді.

Бұған дейін Ақтау маңындағы ұшақ апатына байланысты Владимир Путин Ильхам Әлиевтен кешірім сұраған болатын.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото