Кореяда ұшақ апатынан 179 адам қаза болды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 30 желтоқсан

Кореяның Муан халықаралық әуежайында Jeju Air ұшағы апатқа ұшырап, 179 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Jeju Air ұшағы жексенбі күні таңертең ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, Муан халықаралық әуежайына шұғыл қонуға әрекеттенді. Ұшақ қоршауға соғылып, айтарлықтай шығын келтіріп, кейін өрт шығып, сөндірілді.

Бортта 181 адам, оның ішінде алты экипаж мүшесі болған. Екі Таиланд азаматын қоспағанда, жолаушылардың көпшілігі Корея азаматтары.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото