Қазақстанның автокөлік өндірісіне инвестиция үш есе ұлғайды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 31 желтоқсан

2024 жылы Қазақстанның автомобиль өнеркәсібіне құйылатын инвестиция көлемі 100 млрд теңгеден асады, бұл соңғы бес жылдағыдан көп деп жазды naryk.kz.

Ағымдағы жылдың 11 айында Қазақстанның автомобиль өндірісіне 98,8 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл 2023 жылдың деңгейінен үш есеге және 2019-2023 жылдар аралығындағы салаға салынған инвестиция көлемінен 2,7 млрд теңгеге артық.

Инвестицияның негізгі үлесі Қостанай облысына (38%) және Алматы қаласына (60%) тиесілі.

Қостанайда шағын блоктарды құрастыруға арналған KIA және Chevrolet Onix зауыттары белсенді түрде салынуда, сонымен қатар Jetour, HONGQI және Skoda брендтерімен жұмыс басталып кетті. Келесі жылы ол жерде автокомпоненттерді шығаратын Локализация орталығы мен Қостанай көлік-логистикалық кешенін салу жоспарлануда.

Алматыда Haval, Chery және Changan маркалы жеңіл көліктер шығаратын мультибрендті зауыт салынуда.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото