ҚР Президенті Қазақстан халқын жаңа жылмен құттықтады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 2 қаңтар

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтады деп жазды ҚазАқпарат.

«Ұлу жылы Қазақстан үшін маңызды оқиғаларға толы болды. Экономиканың жаңа бағдарын белгілеп, нақты шараларды қолға алдық. Өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Бірқатар ірі өндіріс орны ашылды. Инвестициялық ахуал жақсарды»-,деді Қазақстан Президенті.

Қазақстан елбасының айтуынша Қазақстан азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы алғаш рет 75 жасқа жеткен.

Ол Астанада беделді халықаралық ұйымдардың маңызды саммиттері өткенін айта келе, келесі жылға тапсырма ретінде «Келер жылы бізді бірқатар атаулы дата күтіп тұр. Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз жылдығын жоғары деңгейде атап өтеміз. Сондай-ақ, ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойын лайықты атап өтуіміз керек»-,деп тоқталды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото