Елші Хань Чуньлинь Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары А.Рахметуллинмен кездесіп, сенім грамотасының көшірмесін тапсырды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 2 қаңтар

2 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2024 жылғы 31 желтоқсанда Қытайдың Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинь Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллинмен кездесіп, сенім грамотасының көшірмесін ұсынды.

Елші ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бұйрығымен Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы 12-інші төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалуы үлкен мәртебе екенін айтты. Ол Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатуға және шын жүректен ынтымақтасуға, екі елдің мемлекет басшылары қол жеткізген маңызды консенсусты шынайы іс-әрекеттермен жүзеге асыруға, екі тарап арасындағы экономикалық және сауда инвестициялары, өзара байланыстар және мәдени алмасулар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ тағдыры ортақ Қытай-Қазақстан қауымдастығының тереңдеуі мен жүзеге асырылуына ықпал етуге және екі ел арасындағы қарым-қатынастың келесі «алтын отыз жылдығына» үлес қосуға дайын екенін жеткізді.

А. Рахметуллин елші Хань Чуньлиньді жаңа қызметімен құттықтады. Екі мемлекет көш басшыларының басшылығымен Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы тарихтағы ең жақсы деңгейге жеткенін айтты. Қазақстан елші Хань Чуньлиньнің жұмысын жан-жақты қолдайтынын және Қазақстан-Қытай қарым-қатынасын одан да жоғары деңгейде дамуына жәрдемдесу үшін Қытаймен бірге жұмыс жасауға дайын екенін жеткізді.

Тараптар негізгі бағыттарда ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Фото:Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото