- Барлық ақпарат
Сыртқы істер министрлігі: ШЫҰ-ның «даму құпиясы» «Шанхай рухын» ұсыну мен атқаруда жатыр
7 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің өкілі Го Цзякунь 6 қаңтар күні кезекті баспасөз мәслихатында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының өміршеңдігі мен күшті ынтымақтастық серпінін сақтайтын «даму құпиясы» болса, ол «Шанхай рухын» жасампаздықпен ұсыну мен бұлжытпай атқаруда жатыр деді.
Сол күні тілшілердің бірі «Бірнеше күн бұрын Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев сұқбатында НАТО-ны Шанхай Ынтымақтастық Ұйымымен салыстыру дұрыс емес екенін, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы қырғи қабақ соғыстың жемісі емес, оны құрудың мақсаты - ешбір тарапқа қарсы шығу болмағанын, ШЫҰ одақтаспау мен идеологияландырмауға баса назар аударып, бейбітшілік пен ынтымақтастықты ілгерілетуді өзіне міндет еткенін айтқан болатын. Баспасөз хатшысының бұл туралы пікірі қандай?» деп сұрақ қойды.
Го Цзякуньның айтуынша, ШЫҰ құрылғаннан бері 24 жыл ішінде дамып, қазіргі әлемде қамту аумағы ең кең, халқы ең көп аймақтық ұйымға айналды. ШЫҰ өзінің өміршеңдігі мен ынтымақтастыққа деген күшті серпінін сақтайтын «даму құпиясы» болса, «Шанхай рухын» жасампаздықпен ұсыну мен табандылықпен атқаруда жатыр. Ол өзара сенімге, өзара тиімділікке, теңдікке, консультацияларға, әртүрлі өркениеттерді құрметтеуге және ортақ дамуға ұмтылуға бағытталған деді.
«Бұл өркениеттер қақтығысынан, қырғи қабақ соғыс туралы ойлаудан, нөлдік сомадағы ойындардың ескі тұжырымдамасынан және «шағын топтарға» қатысудың ескі парадигмасынан асып түсіп, халықаралық қатынастар тарихында мүлдем жаңа тарауды ашты»-, дейді баспасөз хатшысы Го Цзякунь.
Баспасөз хатшысы ШЫҰ-ның ауыспалы төрағасы ретінде Қытай «Шанхай рухын» көркейтіп: ШЫҰ әрекет етуде» дейтін ұранды іс жүзінде қолданып, мүше мемлекеттер арасындағы саясаттың, қауіпсіздіктің, экономиканың және гуманитарлық ғылымдардың әртүрлі салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетеді және тағдыры ортақ ШЫҰ қауымдастығын құру үшін бірлесіп жұмыс істейтінін айтты.
people.cn © People's Daily Online