Апатқа ұшыраған AZAL ұшағының «қара жәшіктері» зерттеліп, Қазақстанға жөнелтілді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 қаңтар

Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясы ұшағының өздігінен жазғыш құралдарын (қара жәшіктер) зерттеуді аяқтады.

Бұл туралы ТАСС ақпарат агентігі мәлім етті деп жазды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, осы жайында бразилиялық G1 порталына аталған ведомстводан хабарлаған.

— Ұшақтағы өздігінен жазғыш екі құралдағы деректерді жинақтау және тексеру жұмыстары аяқталды, — делінген таратылған ақпаратта.

Сонымен бірге, O Globo газеті ведомствоның Қазақстан билігіне тиісті ақпаратты жіберіп қойғанын жазып отыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото