- Барлық ақпарат
Қазақстан президенті:Қазақстан мен Қытай арасында өзара визасыз режим оң әсерін тигізіп жатыр
7 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Қытаймен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту Қазақстан дипломатиясындағы маңызды міндеттің бірі болып қала беретінін, 2023 жылы күшіне енген Қазақстан мен Қытай арасында өзара визасыз режим алыс-берісті дамытуға және екі халықтың достығын нығайтуға оң әсерін тигізіп жатқандығын айтты.
«Қытай үшін Қазақстан — аса маңызды стратегиялық серіктес. Қарқынды әрі жан-жақты дамып келе жатқан Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы, шын мәнінде, мәңгі стратегиялық серіктестік деңгейіне жетті. Мұның Қазақстан мүддесіне сай келетіні сөзсіз»-, деді Қ.Тоқаев.
«Қытаймен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту Қазақстан дипломатиясындағы маңызды міндеттің бірі болып қала береді. Қытай Қазақстанның негізгі сауда серіктесі, сондай-ақ экономикамыздағы ең ірі инвестордың бірі. Өзара сауда айналымын екі есе арттыруға барлық мүмкіндік бар. Ең бастысы, екі ел басшыларының саяси ерік-жігері жеткілікті»-, деп сөзін сабақтады Қазақстан президенті.
Қ. Тоқаев «2023 жылы Қазақстан мен Қытай арасында өзара визасыз режим орнатылды. Жаңа бастама алыс-берісті дамытуға және екі халықтың достығын нығайтуға оң әсерін тигізіп жатыр. Қазақстан азаматтары Қытайды жаңа қырынан танып, оның технологиялық тұрғыдан алып мемлекетке айналғанына көз жеткізе бастады. Қытай жұрты да біздің отандастарымызға достық пейіл танытып отыр»-, деп сөзін қортындылады.
people.cn © People's Daily Online