Алтай аймағында тікұшақ арқылы шаңғымен сырғанау ресми түрде басталды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 қаңтар

7 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 6 қаңтарда Шыңжаңның Алтай қаласындағы Генерал халықаралық тау шаңғысы курортында тікұшақ арқылы шаңғымен сырғанау рәсімі ресми түрде басталды.

Алғашқы ұшыру рәсімінде тікұшақ Генерал халықаралық тау шаңғысы курортының А аумағынан көтеріліп, 1300 метр биіктен қар астанасы Алтайдың таңғажайып көрінісіне куә болды.

Алтай мұз бен қар ресурстарына бай және шаңғы тебуді дамытудың тамаша мүмкіндігіне ие. Алтай аймағы төмен биіктегі туризм мен апаттық-құтқаруды біріктіріп, «Қатынас + туризм + құтқарудың» терең интеграциясын ілгерілетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото