- Барлық ақпарат
 
Цинхай-Сицзан үстіртінде жаңадан ашылған мыс рудасының қоры 20 миллион тоннадан асты
 (Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 7 қаңтар
		
		
7 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Қытайдың Табиғи ресурстар министрлігінің Геологиялық барлау мекемесінен алған мәліметіне сәйкес, еліміз Цинхай-Сицзан үстіртін барлауда үлкен жетістікке жетті. Барлау жұмысы кезінде 20 миллион тоннадан астам жаңа мыс рудасының ресурстары табылған.

Мәліметтерге сәйкес, Цинхай-Сицзан үстіртінде 10 миллион тонналық төрт мыс ресурстық базасы - Юйлун, Дуолун, Джйлун-Цзяма және Сиончунь-Джуно қалыптасты. Үстірттің ресурстық әлеуеті 150 миллион тоннаға жетеді деп болжануда. Болашақта Цинхай-Сицзан үстірті әлемдік деңгейдегі мыс ресурстық базасына айналуы әбден мүмкін.
Фото:CCTV
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
	
			Онлайн «Халық Газеті» туралы 
people.cn © People's Daily Online
	people.cn © People's Daily Online
				
			


