- Барлық ақпарат
Индонезия ресми түрде БРИКС қатарына қосылды
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 8 қаңтар
Индонезия Сыртқы істер министрлігі 7 қаңтар күні мәлімдеме жасап, Оңтүстік-шығыс Азиядағы осы елдің БРИКС-ке ресми мүше болғанын хабарлады, деп хабарлайды KAZINFORM.
Ақпаратқа сәйкес, 2025 жылы БРИКС-ке төрағалық ететін Бразилия 6 қаңтар күні Индонезияның ұйымға ресми қосылғаны туралы мәлімдеме жасаған.
Мәлімдемеде Индонезияның БРИКС-ке қосылу туралы өтініші Оңтүстік Африканың Йоханнесбург қаласында 2023 жылы БРИКС көшбасшыларының 15-ші саммитінде мақұлданғаны айтылды.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online