2024 жылы Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 8 қаңтар

2024 жылы елімізде 1 488 308 ҚР азаматының төлқұжаты дайындалды. Бұл 30 жылдың ішіндегі рекордық көрсеткіш, - деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Оның негізі себептерінің бірі - балалар үшін төлқұжат құнының екі есе төмендеуі. Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алған ең жас азаматқа не бары 10 күн, ал құжат алған ең үлкен азаматтың жасы 109-да болды.

Шетелде құжатсыз жүрген 70 қазақстандық азамат қайтарылды.

Былтыр шетелдік жұмыс күшін заңсыз еңбекке тартқан 3 786 жұмыс беруші анықталды.

ҚР Президенті жолдауын іске асыру аясында оңайлатылған тәртіпте 41 шетелдік IT-маманына тұрақты тұруға рұқсат берілді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото