Қазақстандық Jibek Joly туристік пойызы кезекті сапарын аяқтады

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 8 қаңтар

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Jibek Joly туристік пойызы «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Шымкент – Алматы» бағытындағы екінші сапарын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі. Бес күнге жалғасқан саяхат барысында 100-ден астам жолаушы Ұлы Жібек жолының бойындағы ежелгі қалаларды аралап, аймақтың бай тарихымен танысты.

Бұл жолғы теміржол саяхатының басты ерекшелігі – туристік пойыздың бағытына Қазақстанның Шымкент және Өзбекстанның Самарқанд қалалары қосылды. Маршрутқа қалалардың негізгі көрнекі орындары енгізілген.

Туристердің жайлылығы үшін тур бағдарламасына гид қызметі, тамақтану, көрікті жерлерге кіру билеттері мен трансфер қызметтері кірді.

Халықаралық турды ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен «Жолаушылар тасымалы» АҚ, республикалық «Қазақстан туризм индустриясы» қауымдастығы және Kazakh Tourism ҰК АҚ ұйымдастырды. Жобаның басты мақсаты – екі ел арасындағы туризмді дамыту, тарихи және мәдени мұралармен танысу арқылы халықтар арасындағы достықты нығайту.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото