- Барлық ақпарат
Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасының Төрағасына көңіл айтты
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 8 қаңтар
ҚР Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды KAZINFORM.
Жеделхатта Сицзан автономиялық регионының Шигацзе қаласында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Сонымен қатар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Қытай халқына көңіл айтып, апатта жараланғандардың тез арада сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online