Қытайдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы телевизиялық көркем фильмі қоғамның назарын аударды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 8 қаңтар

7 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясының Орталық тәртіптік инспекциясы комитеті Мемлекеттік қадағалау комитетінің Үгіт-насихат бөлімі мен Орталық радио және теледидар басқармасы бірлесіп түсірген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру халық үшін» атты төрт бөлімнен тұратын телевизиялық көркем фильмі 5 қаңтардан бастап кешкі сағат 8-де CCTV-дің кешенді арнасында көрсетілді. Бұл кадрлар мен қалың бұқараның назарын аударды.

Авторлардың айтуынша, көркем фильмде барлығы 12 оқиға қамтылған, оның 7-еуі халық арасындағы орынсыздықтар мен сыбайлас жемқорлықтың типтік жағдайлары болды.

«Адамды өзек ету» фильмнің арқауы. Бүкіл ел бойынша орынсыздық пен сыбайлас жемқорлық мәселелерін орталықтандырылған түрде жою, сыбайлас жемқорлықтың жаңа түрлеріне және жасырын сыбайлас жемқорлыққа назар аударып, осы істер арқылы реформалау мен басқаруға ықпал етіп, онда инспекция және қадағалау органдарының жемқорлыққа қарсы күрес халық үшін деуге табанды болған тәжирибесін айқын көрсетіп берді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото