Қытай қарттарға күтім жасау қызметтерін реформалау мен дамытуды тереңдету туралы құжат әзірледі

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 8 қаңтар

8 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті мен Мемлекеттік Кеңес 7 қаңтарда қарттарға күтім жасау қызметтерін реформалау мен дамытуды тереңдету туралы пікірді жарыққа шығарды. Онда 2029 жылға қарай қарттарға күтім жасау қызметтерінің желісі негізінен қалыптасады деп болжанған. 2035 жылы қарттарға күтім жасау қызметтерінің желісі анағұрлым кемелденеді және барлық қарт адамдар қарттарға күтім жасаудың негізгі қызметтерін пайдаланатын болады.

Деректер 2023 жылдың соңына қарай Қытайдың жасы 60 және одан жоғары егде жастағы тұрғындарының саны 297 миллионды құрағанын көрсетеді. Бұл жалпы халықтың 21,1%-ын құрайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото