2025 жылғы қысқы универсиадаға қатысатын Қазақстан құрама командасы анықталды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 9 қаңтар

ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы универсиадаға қатысатын қазақстандық студенттердің есімдері белгілі болды. Жарыс 13-23 қаңтар аралығында Туринде (Италия) өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Команда құрамында 10 спорт түрі, соның ішінде биатлон, шорт-трек, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, спорттық бағдарлау, фристайл, тау шаңғы спорты, ерлер мен әйелдер хоккейі және алғаш рет жарыс бағдарламасына енгізілген пара шаңғы бойынша еліміздің атынан өнер көрсететін 103 спортшы бар.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото