- Барлық ақпарат
Өзбекстаннан Қазақстан мен Қытайға қатынайтын жаңа автобус рейстері ашылады
(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 қаңтар
Өзбекстанның Көлік министрлігі жаңа халықаралық автобус рейстерін ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazinform.
Қарақалпақстан мен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өңірін байланыстыратын маршрут іске қосылады. Ол Нүкіс - Үргеніш - Бұхара - Үрімші бағытымен қатынайды.
Сонымен қатар Қазақстанға мына бағыттар бойынша автобус рейстері ұйымдастырылады:
Бұхара - Түркістан; Үргеніш - Ақтау; Ферғана - Алматы (Тәжікстан аумағы арқылы).
Мұнымен бірге, Ресейге қатынайтын жаңа маршруттар ашылады:
Ташкент - Уфа; Ташкент - Краснодар; Нүкіс - Краснодар; Үргеніш – Нүкіс - Уфа; Сұрхандария – Бұхара – Үргеніш – Нүкіс - Мәскеу.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online