Қырғызстанда көлік құралына салынатын салық жойылды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 10 қаңтар

Қырғызстанда салықтық рақымшылық жарияланып, көлік құралына салынатын салық жойылды, деп хабарлады Sputnik.

Мемлекет басшысы Садыр Жапаров "Халықтың және кәсіпкерлік субъектілерінің салық жүктемесін азайту және салық салуды әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды. Осы құжатқа сәйкес көлік құралына салынатын мүлік салығы жойылды.

Көлік салығы "Жол қоры туралы" заңға енгізілген өзгерістердің нәтижесінде жойылды, есесіне отынның әр литрінен бір сом алым алынады.

Сондай-ақ 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін көлік салығын төлемеген және оларға қатысты өндіріп алу туралы сот актісі жоқ азаматтар көлік салығынан босатылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото