Мадагаскарда 1 мыңға жуық адам циклоннан зардап шекті

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 13 қаңтар

Мадагаскардағы «Дикеледи» тропикалық циклоны салдарынан кем дегенде 2 адам із-түзсіз жоғалып, 915 адам жараланды, деп хабарлайды KAZINFORM.

Табиғи апаттан зардап шеккен адамдар туралы алдын ала мәліметтерді orangeactu порталы Тәуекелдер және апаттарды басқару ұлттық бюросына сілтеме жасап жариялады.

Мадагаскардың солтүстік және шығыс бөлігінде жылдамдығы 140 км/сағ болатын дауылды жел соғып, қатты нөсер жауды. Носи-Бе аралы мен Амбре мүйісі мен Бесалампи қаласы арасындағы елді мекендер зардап шекті. Воэмар және Мароанцетра қалаларынан 751 адам шұғыл түрде эвакуацияланды.

Фото:KAZINFORM

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото