- Барлық ақпарат
Ван Хунин Қазақстан Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаевпен кездесті
14 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 13 қаңтар күні Бейжіңде Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесінің төрағасы Ван Хунин Қазақстан Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаевпен кездесті.
Ван Хунин Қытай мен Қазақстан әрқашан өзара сыйластық, тату көршілік және достық, қиындықта бір-біріне көмектесіп, өзара тиімділік пен тең ұтысқа жету принциптерін ұстанып келе жатқанын айтты. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен ҚР Президенті Тоқаевтың стратегиялық басшылығымен Қытай-Қазақстан қатынастарының дамуы «жылдам жолға» түсіп, түрлі салалардағы ынтымақтастық «жылдамдатқыш батырмасын» басты. Қытай Қазақстанмен ынтымақтасуға және екі мемлекет басшыларының консенсусын бағыт етіп, жаңа жылда Қытай-Қазақстан қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеруге дайын екенін айтты. Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесі өз елінің құрылысына және екіжақты қатынастарды дамытуға жақсы қызмет көрсету үшін Қазақстанның тиісті органдарымен ынтымақтастық пен пікір алмасуды күшейтуге дайын екенін жеткізді.
Мәулен Әшімбаев Қазақстан тағдыры ортақ адамзат қауымдастығын құру тұжырымдамасымен жоғары деңгейде келісетінін айтты. Қазақстан Парламенті Сенаты Жаһандық даму бастамасын, Жаһандық қауіпсіздік бастамасын және Жаһандық өркениет бастамасын бірлесіп жүзеге асыруға жәрдемдесу және екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға оң үлес қосу үшін Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесімен алмасу мен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.
people.cn © People's Daily Online