- Барлық ақпарат
78 қазақстандық өсімдік шаруашылығы кәсіпорны ҚХР БКБ-ның аккредитациясынан өтті
2024 жылдың қараша айында Бейжіңде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы (ҚХР БКБ) басшылығы арасындағы келіссөздер нәтижесінде қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай нарығына шығаруды кеңейту бойынша өзекті мәселелерді шешу үшін уақытша жұмыс тобы құрылды деп жазды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жұмыс тобының отырыстары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР БКБ өкілдерінің қатысуымен 2024 жылдың 25 желтоқсанында және 2025 жылдың 10 қаңтарында өтті.
Келіссөздер нәтижесінде қытай тарапы 78 қазақстандық өсімдік шаруашылығы кәсіпорнын аккредитациядан өткізу туралы оң шешім қабылдады. Тіркеу процесі тиісті рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады және ҚХР БКБ жанындағы Жануарлар мен өсімдіктер карантині департаментінің ресми сайтында кезең-кезеңімен жарияланады.
Жұмыс тобының келесі отырысын 2025 жылдың ақпан айында ҚР АШМ мен ҚХР БКБ басшыларының орынбасарлары деңгейінде бетпе-бет форматта өткізу жоспарлануда.
people.cn © People's Daily Online