Қытай АҚШ-тың 4 субъектісін сенімсіз ұйымдар тізіміне енгізді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 16 қаңтар

16 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 15 қаңтарда Сауда министрлігінен алған ақпаратына сәйкес, сенімсіз ұйымдар тізімінің жұмыс механизмі сол күні хабарланып, АҚШ-тың төрт субъектісін сенімсіз ұйымдар тізіміне енгізу туралы шешім қабылдаған.

Бұл төрт америкалық ұйым Тайваньға қару-жарақ сатумен айналысатын Pacific Rim Defence Company, AEVEX Aerospace Company, LKD Aerospace Company және Pinnacle Technology Company.

Хабарламада жоғарыда аталған америкалық ұйымдарға қатысты келесі шараларды қабылдау туралы шешім қабылданды:

1. Жоғарыда аталған кәсіпорындарға Қытаймен байланысты импорттық және экспорттық қызметпен айналысуға тыйым салу;

2. Жоғарыда аталған кәсіпорындарға Қытайға жаңа инвестициялар салуға тыйым салу;

3. Жоғарыда аталған кәсіпорындар басшыларының Қытайға кіруіне тыйым салу;

4. Жоғарыда аталған кәсіпорындар басшыларының Қытайда жұмыс істеуге, Қытайда болуға немесе Қытайда тұруға рұқсаттарын мақұлдамау және күшін жою.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото