Ақтау маңында құлаған ұшақтың «қара жәшігі» Бразилиядан Қазақстанға жеткізілді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 16 қаңтар

Қара жәшік Бразилияға зерттеуге жіберілген еді. Қазір Бразилиядан Қазақстанға жеткізілді деп жазды ҚазАқпарат.

— Қазақстанға келген борттағы өздігінен жазғыштың шифрланған деректерін мамандар зерттеп жатыр.

Сондай-ақ, ҚР Көлік министрлігінен әуе апатын тергеу жөніндегі комиссиясы ИКАО-ның 13-қосымшасының стандарттары мен ұсынылған практикасына сәйкес барлық факті мен материалды егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін алдын ала есеп жариялайтынын жеткізді. Онда тергеу барысы туралы анықталған нақты ақпарат ұсынылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото