Қазақ тазысы патенттелді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 16 қаңтар

«Қансонар» аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің Қазақстан республикалық қауымдастығы «Қазақ тазысының» патент иесі атанды. Бұл туралы Qazpatent ұлттық зияткерлік меншік институты хабарлады.

«Қансонар» қоғамдық бірлестігі 2013 жылы ресми түрде тіркелді. Ұйымның жарғылық мақсаттарына сәйкес «Қансонарға» қазақ тазысы мен төбет иттерінің ұлттық тұқымдарын сақтау, көбейту және жұртшылықтың қызығушылығын арттыру жауапкершілігі жүктелген.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото