Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімге келді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 17 қаңтар

Израиль мен ХАМАС Газа секторында 2023 жылдың қазан айынан бері жалғасып келе жатқан соғысты тоқтатуға келісті, деп хабарлайды Kazinform Euronews-ке сілтеме жасап.

Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату туралы келісімге келді.

Алдағы сағаттарда ресми мәлімдеме жасалады деп күтіліп отыр. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Катар мен ХАМАС өкілдері арадағы даудың соңғы нүктесі қойылғанын мәлімдеді. Осы келісім туралы басқа да бұқаралық ақпарат құралдары хабарлап жатыр.

Reuters агенттігінің мәліметінше, келісім атысты алты аптаға тоқтатуды, Израиль әскерлерін кезең-кезеңімен шығаруды, ХАМАС ұстаған кепілдерді босатуды және Израильде ұсталған палестиналық тұтқындарды босатуды қамтиды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото