- Барлық ақпарат
ШЫҰ-ның жаңа Бас хатшысы: ШЫҰ отбасының әл-ауқатына үлес қосуды мақсат етемін
20 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 17 қаңтар кешке Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Хатшылығында жаңа Бас хатшы Нұрлан Ермекбаевтың жұмысқа келуіне байланысты қабылдау отырысы өтті. Нұрлан Ермекбаев өз сөзінде ШЫҰ-ның дамуына және ШЫҰ отбасындағы барлық мүшенің әл-ауқатына үлес қосатынын айтты.
Іс-шараға Сыртқы істер министрлігі, ШЫҰ елдерінің Қытайдағы елшілері және қоғамның әр саласындағы өкілдер қатысты. Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ әрқашан өзара сенім, өзара тиімділік, теңдік, консультациялар, әртүрлі өркениеттерді құрметтейтін және ортақ дамуға ұмтылатын «Шанхай рухын» ұстанатынын атап өтті. Халықаралық қоғамдастықтың ШЫҰ-ға деген қызығушылығы тұрақты түрде артып, ШЫҰ-ның «достар шеңбері» кеңейіп келеді.
Өткен шілдеде Қытай ШЫҰ-ның 2024-2025 жылдарға арналған кезекті төрағалығын қабылдады. Нұрлан Ермекбаев биылғы Хатшылық жұмысының басты басымдығы Қытайдың кезекті төрағалығын қолдау және 2025 жылы Қытайда өтетін Мемлекет басшылары Кеңесінің және Ресейде өтетін Премьер-министрлер кездесуінің толық табысты болуын қамтамасыз ету екенін атап өтті.
Оның айтуынша, Хатшылық ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер мен серіктестерге түрлі ұсыныстар мен бастамаларды жүзеге асыруда көмек көрсетеді және ШЫҰ-ны жаңғыртуға жәрдемдесуді жалғастырады.
Нұрлан Ермекбаев Қазақстан азаматы, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап ШЫҰ-ның Бас хатшысы қызметін үш жыл бойы атқарады.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшы Нұрлан Ермекбаев
Сыртқы істер министрінің көмекшісі Лю Бинь
ШЫҰ хатшылығының суреті
people.cn © People's Daily Online