Сыртқы істер министрлігі: Қытай келіспеушіліктерді дұрыс шешу үшін АҚШ-тың жаңа үкіметімен ынтымақтасуға дайын

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 21 қаңтар

21 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мао Нин 20 қаңтарда өткен кезекті баспасөз мәслихатында Қытай келіспеушіліктерді дұрыс шешу үшін АҚШ-тың жаңа үкіметімен ынтымақтасуға дайын екенін айтты.

«Ынтымақтастық екі жаққа да пайдалы, алауыздық екі жаққа да зиянын тигізеді. Мұны Қытай-АҚШ қатынастарының тарихы айқын дәлелдейді», - деді Мао Нин Қытайдың АҚШ-тың жаңа үкіметіне үміті туралы сұраққа жауап ретінде.

Мао Ниннің айтуынша, Қытай әрқашан Қытай-АҚШ қарым-қатынасы екі елдің ортақ мүдделері мен халықаралық қауымдастықтың үмітіне сәйкес тұрақты, салауатты және үздіксіз деп санайды.

«Қытай АҚШ-тың жаңа үкіметімен өзара сыйластық, бейбіт қатар өмір сүру және өзара тиімді ынтымақтастық принциптерін ұстануға, диалог пен коммуникацияны нығайтуға, келіспеушіліктерді дұрыс бақылауға, өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және Қытай-АҚШ қарым-қатынасының жаңа дәуірін бастап, екі елге және бүкіл әлемге игілікті жұмыстар істеуге дайын», - деді Мао Нин.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото