- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин партияда жоқ қайраткерлермен көктемді қарсы алды
21 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың ұлттық дәстүрлі фестивалі жылан жылғы Көктем мерекесіне санаулы күндер қалуына орай, Қытай Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет төрағасы және Орталық Әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин 20 қаңтар күні түстен кейін Халық құрылтайы сарайында барлық демократиялық партиялардың орталық комитеттерінің, мемлекеттік Өнеркәсіп және сауда федерациясының жауапты тұлғасы және партияда жоқ қайраткерлердің өкілдерімен кездесіп, мерекені атап өтті. Төраға Си Цзиньпин Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің атынан барлық демократиялық партиялар, Өнеркәсіп және сауда федерациясы, партияда жоқ адамдар, сондай-ақ Біріккен шептің барлық мүшелерінен шын жүректен хал сұрап, жаңа жылдық тілектер айтты.
people.cn © People's Daily Online