- Барлық ақпарат
АҚШ-тың 47-ші президенті Дональд Трамп ұлықтау рәсімінде мыналарды айтты
21 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- АҚШ-тың 47-ші президенті Дональд Трамп Вашингтонда өтіп жатқан ұлықтау рәсімінде сөз сөйлеп, Американың алтын ғасыры басталғанын мәлімдеді.
Жаңа президент сөзінде «бірқатар тарихи бұйрықтарға» қол қоятынын және «елдің оңтүстік шекарасында ұлттық төтенше жағдай» жариялайтынын атап өтті.
Дональт Трамп электромобиль мандатын тоқтататынын, сондай-ақ бүкіл сауда жүйесін реформалауға дереу кірісіп, шет елдерге салық салатынын айтты.
Д.Трамп бағаны төмендетуге, автомобиль өнеркәсібін құтқаруға, «әділеттілік пен теңдікті қалпына келтіруге» және АҚШ қалаларында заң мен тәртіпті қалпына келтіруге уәде берді.
Жаңа президент ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ партияның DEI (әртүрлілік, теңдік және толеранттылық) бағдарламасын сынға алып, осы аптада үкіметтің «нәсілдік және гендерлік әлеуметтік инженерияны мемлекеттік және жеке өмірдің барлық аспектілеріне біріктіруге тырысу» саясатын тоқтататынын және «біртұтас қоғам құрып», кемсітушілікке жол бермейтінін айтты.
Ол «бұдан былай Америка Құрама Штаттары үкіметінің ресми саясаты тек екі жыныс - еркек пен әйел болуы керек» дегенді де қосты.
Президент әлем бұрын-соңды көрмеген ең қуатты армияны құруды көздеп отыр.
- «Біз өз жетістігімізді тек жеңген шайқастарымызбен ғана емес, сонымен бірге біз аяқтаған соғыстармен де өлшейтін боламыз», - деді Дональд Трамп өзінің бейбітшіліктің бітімгершісі мен біріктіруші болатынын мәлімдеп. Ол жақын арада «Мексика шығанағының» атауын «Америка шығанағы» деп өзгертуге ниетті екенін жеткізді.
Сонымен қатар, Трамп АҚШ-ты екінші рет Париж Климаттық келісімінен шегіндіру ниетін де жариялады.
Трамптың ұлықау салтынан бірнеше минут бұрын Джеймс Дэвид Вэнс Америка құрама штаттарының вице-президенті ретінде ант берді.
people.cn © People's Daily Online