Қазақстанда 2025 жылы 12 миллион 400 мың тұрғын газбен қамтамасыз етіледі

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 21 қаңтар

2025 жылы 12 миллион 400 мың тұрғын газбен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today ақпараттық агентті ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының «Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс» Ұлттық құрылтайдың отырысындағы тапсырмасы бойынша 2024 жылы 1 700 шақырымнан астам газ құбыры салынып, 300 мыңнан астам азамат көгілдір отынға қол жеткізді.

Елді мекендерді газдандыру халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, экологияның ластануын төмендетеді, баламалы отын сатып алуға кететін қаражатты үнемдейді және өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттырады.

2025 жылы мемлекет 7 елді мекенді газдандыруға арналған 45 жобаны іске асыру үшін 65,9 млрд теңге бөлді.

Аталған жобаларды іске асыру елді газдандыру деңгейін 62 %-ға дейін арттырады немесе 12,4 млн-нан астам адам газға қол жеткізеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото