Қазақстан ЕАЭО-да жолаушылар ағынының өсімі бойынша көш бастап тұр

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 22 қаңтар

Еуразиялық экономикалық комиссия ұсынған мәліметтерге сәйкес, Қазақстан ЕАЭО-да жолаушылар ағынының өсімі бойынша көшбасшы болды, деп хабарлайды Sputnik.

2024 жылдың қаңтар-қарашасында ҚР жолаушылар айналымы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,6%-ға өсті.

ЕЭК сонымен қатар Одақтың басқа елдеріндегі өсім туралы мәліметтерді ұсынды:

Беларусь – 9,2%-ға;

Ресей – 6,5%-ға;

Қырғызстан – 5,2%-ға.

ЕАЭО-да жалпы жолаушылар айналымы 7,2%-ға өсті.

Жүк тасымалының өсуі бойынша мына мемлекеттер ерекшеленді: Қырғызстан – 5,9%-ға;

Беларусь пен Қазақстан – екеуі де 1,9%-ға;

Ресей – 0,1%-ға.

Жалпы Одақ бойынша өсу қарқыны 0,3%-ды құрады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото