- Барлық ақпарат
Қазақстанда IT-қызметтер экспорты $470 млн-нан асты
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында IT-қызметтер мен өнімдер экспортын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады. Оның айтуынша, Қазақстанның IT-экспорты оң динамиканы көрсетіп отыр. 2024 жылдың 9 айы бойынша ол 471 млн долларды құрады. Бұл 2023 жылдың сəйкес кезеңімен салыстырғанда 26% - ға көп.
ҚР Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мақсат - 2026 жылы $1 млрд-қа жеткізу. Қазақстанның IT-экспортын ілгерілетуде Astana Hub басты рөл атқарады. Astana Hub резиденттерінің саны 1,5 мың компаниядан асты, оның ішінде 400-і халықаралық. Олардың жалпы кірісі 2024 жылы 620 млрд теңгені құрады. Бұл ретте экспорттан түскен табыс 227 млрд теңгені, яғни $479 млн-ды құрады.
people.cn © People's Daily Online