Көктем мерекесіндегі материалдық емес мәдени мұралар

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 22 қаңтар

22 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Көктем мерекесіндегі материалдық емес мәдени мұра — жер-жерде аталатын мерекеге байланысты салт-дәстүрлер.

Нан гүлше

Нан гүлшесі - гүл тоқаш ретінде де белгілі тағам түрі. Шаньдун, Шаньси, Хэнань, Ганьсу және басқа да солтүстік аймақтарда танымал дәстүрлі жеуге жарамды ойма гүл өнері. Солтүстік аймақтарда әрбір дәстүрлі фестиваль кезінде, барлық отбасы жергілікті салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сәйкес нан гүлшелерін дайындайды. Бұл нан гүлше өнімдерінің пішіні алуан түрлі. Нан гүлше сыйға тарту, көріп-тамашалау, тағам ретінде пайдалану сияқты көптеген ерекшеліктерге ие. Гүл тоқаштарын сондай-ақ, туыс-туған, дос жарандарға сыйлыққа ұсынуға болады. Сөйтіп ол халық арасындағы барыс-келістің маңызды дәнекеріне айналды. Олардың ішінде Вэньсинан гүлшесі Қытайдың ұлттық материалдық емес мәдени мұрасы ретінде таңдалды.

Батырлық би

Батырлық би - бұл тоғыспалы би түрі. Оңтүстік жұдырықшылық өнері мен опералық актерлік шеберлікті біріктіретін халықтық шаршы бидің бір түрі. Би биленгендегі атмосфера керемет болады. Би түрі Гуандун, Фуцзянь және басқа да аймақтарға таралған. Бұл батырларлықты мадақтайтын биді ер адамдар билеп шығады. Батырлық би - Чаошаньда жүздеген жылдар бойы таралып келе жатқан Көктем мерекесінің бір дәстүрі. 2006 жылы батырлық би ұлттық материалдық емес мәдени мұраның өкілдік жобаларының бірінші тобына енгізілді.

Гүл көшелерін аралау

Гүл көшелерін аралап, жаңа жылды тойлайық! «Гүл көшесін аралау» - Линнаньның Гуанфу қаласында өтетін Көктем мерекесінің дәстүрі. Жыл сайын ай күнтізбесінің 28 желтоқсанынан жаңа жылға қараған түнге дейін адамдар бір ортаға жиналып, гүлдерді қолданып, жаңа жылдық әдет-ғұрыптарды, гүл мәдениетін және іскерлік мәдениетті негізгі мазмұн еткен шаралар өткізеді. Сол арқылы көнені ұзатып салып, жаңа жылды қарсы алып, жаңа жылға тілектер айтады. 2021 жылы Көктем мерекесі (Гүл көшелерін аралау) ұлттық материалдық емес мәдени мұра жобаларының бесінші топтамасына енгізілді.

Люпаньшань өңіріндегі көктемгі ұлықтың тілегі

Люпаньшань өңіріндегі көктемгі ұлықтың тілегі - Нинсядағы Люпаньшань аумағында қысқы күн тоқырауынан көктем мерекесіне дейін өтетін дәстүрлі көктем мерекесінің халықтық салт-дәстүр шарасы. Көктемгі ұлық - Шэхуо (Shehuo) мерекесі ойын-сауығындағы басты кейіпкер. Ол осы ойын-сауық алдында өнер көрсетіп, адамдарға 24 жыл амалының күнтізбесін және жаңа жылға ізгі тілектер айтылған көктемгі ұлық тілектерін таратады. Көктемгі ұлықтың тілек, ғибрат сөздері диалектілерде айтылады. Ол тақырыпқа бай, ұйқастары шымыр, тілі түсінікті, әзіл аралас келеді. 2021 жылы Көктем мерекесі (Люпаньша өңіріндегі көктемгі ұлықтың тілегі) ұлттық материалдық емес мәдени мұра жобаларының бесінші тобына енгізілді.

Хуайжэнь алау әдет-ғұрпы

Хуайжэнь алауы әдетте «от айдаһары» және «үлкен алау» деген атаулармен белгілі. Бұл - көктем мерекесі мен шамдар фестивалі кезінде Шаньси өлкесінің Хуайжэнь ауданында өтетін танымал Шэхуо(Shehuo)ойын-сауығының бір түрі. Алау әдет-ғұрпы бойынша алдымен үлкен көмір паршаларынан мұнара жасалып, алау жағылады. Бұл жыл бойы оттай лаулап, жалындап жүрейік деген ізгі тілектен шыққан. Мұнараның ішіне от жағылып, сыртына «оттай лаулайық» деген жазу жазылған қағаздар ілінеді. От тұтанып жанғанда жалын мұнараның тесіктерінен шығып, сыртқа лаулап жанған тамаша көрінісі байқалады. 2021 жылы көктем мерекесі (Хуайжэнь алау әдет-ғұрпы) ұлттық материалдық емес мәдени мұра жобаларының бесінші тобына енді.

Шаған сары

«Шаған» деген «ақ» , «сары» дегеніміз «ай» дегенді білдіреді. Моңғұлдар ақ түсті құрметтейді, сондықтан олар бірінші айды «Шаған сары»(Ақ түсті ай)деп атайды. Геррос тайпасының ата-бабаларынан сақталған жаңа жыл дәстүр аймақтық ерекшеліктері бар Көктем мерекесінің әдет-ғұрпын қалыптастырды. Моңғұл халқы Геррос тайпасының Шаған сарыны тойлау уақыты ай күнтізбесі бойынша 23 желтоқсаннан басталып, 2 ақпанға дейін жалғасады. Шаған сарының мазмұнына «кіші жаңа жылды тойлау», «жаңа жылға қараған түнді өткізу», «жаңа жылды қарсы алу», «жаңа жылдың онбесін тойлау», «2 ақпанды ұзату» сияқты Хань ұлтының көктем фестивалінің әдет-ғұрыптарына ұқсас сипаттар кіреді. Сонымен қатар, моңғұлдардың дәстүрлі әдет-ғұрыптары, мысалы, самандардың «отқа табынуы» және жаңа жылға қараған түні «ет жеу» сияқты дәстүрлері әлі күнге дейін сақталып келеді. Бұл осы ұлттың дәстүрлі мерекелік әдет-ғұрыптарының ерекшеліктерін көрсетеді.

Ағаш тақтаға жаңа жылдық картиналар ою

Ағашқа ойылған жаңа жылдық картиналар - Қытай халқының жаңа жылды қарсы алып, бақытты күтіп алуда қолданатын танымал дәстүрлі өнер түрі. Алдымен ағаш тақталарға суреттің нобайын ойып алады, сосын оны түрлі-түсті етіп бояйды. Суреттердің мазмұны мен тақырыбы күнделікті өмірден алынады. Оның тақырыбы өте кең болып, тарихи әңгімелерді, мифтер мен аңыздарды, діни нанымдарды, күнделікті тұрмыстық жағдаяттар мен өмірдің басқа да алуан құбылыстарын қолданады. 2006 жылдан бастап оннан астам аймақтың ағашқа ойып сызылған жаңа жылдық картиналары ұлттық материалдық емес мәдени мұраның өкілдік жобаларының тізіміне енгізілді.

Шэхуо (Shehuo)

Шэхуо (Shehuo) - Қытай Хань халқының көктем мерекесін тойлауға арналған дәстүрлі шарасы. Бұл Ляонин, Шаньси және басқа да аймақтардың материалдық емес мәдени мұрасы. Шэхуо (Shehuo) жер мен отқа табынудан шыққан. Ежелгі кезде еңбек адамдары жер мен отқа тасаттық беру салтын қолданған. Осыдан кейін ол біртіндеп музыка, би, опера, акробатика және басқа да әдеби-көркем өнер түрлерін біріктіретін ауқымды бұқаралық әдеби-көркем іс-әрекетке айналды. Бұл шара арқылы жауын-шашын көп жауып, астықтан мол өнім алынып, сәттілік пен жақсылықта ел аман, жұрт тыныш өмір сүрсін деген ізгі тілек мағынасы аңғарылған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото