Қытайдың жаңа энергетикалық көліктерді өндіру және сату көлемі 10 жыл қатарынан әлемде бірінші орында тұр

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 22 қаңтар

22 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігінің баспасөз мәслихатында жарияланған деректерге сәйкес, 2024 жылы Қытайда жаңа энергетикалық көліктердің жылдық өндірісі мен сатылымы ондаған миллион дана болып, сәйкесінше 12,888 миллион және 12,866 миллионға жетті. Осылайша жаңа энергетикалық көліктердің өндірісі мен сатылымы 10 жыл қатарынан әлемде бірінші орынды сақтап келеді.

Соңғы 10 жылда Қытайда жаңа энергетикалық көліктердің жылдық өндірісі мен сатылымы 10 000-нан 10 миллион көлікке дейін күрт өсіп, өнімдер 70-тен астам ел мен аймаққа экспортталды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото