Қытайда электр энергиясын өндірудің белгіленген жиынтық қуаты шамамен 3,35 млрд киловатт болды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 22 қаңтар

22 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 21 қаңтарда Ұлттық энергетика басқармасынан алған ақпаратына сәйкес, өткен жылдың желтоқсан айының соңындағы жағдай бойынша Қытайда орнатылған электр энергиясын өндірудің жиынтық қуаты шамамен 3,35 миллиард киловатт болған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,6%-ға өсті. Олардың ішінде күн энергиясын өндірудің белгіленген қуаты шамамен 890 миллион киловатт, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,2%-ға көп; жел энергетикасының белгіленген қуаты шамамен 520 миллион киловатт, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға көп. Күн және жел энергетикасының белгіленген қуаты елдегі электр энергиясын өндірудің белгіленген қуатының 42%-дан астамын құрайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото