Қытай эксперименттік операцияны орта сынып оқушыларын сапалық бағалаудың кешенді жүйесіне енгізеді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 23 қаңтар

23 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Білім министрлігі «Бастауыш және орта сыныптарда ғылыми білім беру жөніндегі нұсқаулықты» жариялады. Құжатта оқушылардың әдеттегі эксперименттік операцияларын және ғылыми ізденістер мен практикалық іс-шараларға қатысуын оқушыларды сапалық жағынан бағалаудың кешенді мазмұнына енгізу көзделген. Сондай-ақ эксперименттік операциялар бастауыш орта мектептердің оқу деңгейі емтиханына енгізіледі. Эксперименттік операциялық тапсырмаларды жобалау оқушылардың бақылау қабілетін, жұмыс қабілеттілігін және ойлау қабілетін тексеруге бағытталуы керек. Бұған қоса, эксперименттік принциптерді түсіну, жоба-жоспар жасау, ғылыми демонстрация және т.б. сияқты бағалауларға органикалық түрде біріктірілуі керек.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото