- Барлық ақпарат
Өзбекстан ғарышқа спутник ұшырмақ
2026 жылы Өзбекстан Түркі Мемлекеттері Ұйымына мүше елдермен бірлесіп, ғарышқа жер серігін ұшырмақ. Бұл туралы «Өзбекғарыштың» аэроғарыштық қызмет және ғарыш мониторингі жүйелерін дамыту бөлімінің бастығы Мухиддин Ибрагимов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бүгінде Өзбекстан 600 мыңнан 1 млн шаршы шақырымға дейінгі аумақты қамтитын спутник суреттерін өзі өңдей алады. Қазір біз жерді қашықтан зондтаумен айналысатын жерсеріктерді іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін тиісті ұсыныстар әзірлеп жатырмыз және бірнеше елмен келіссөз бастадық. Еске салайық, былтыр Өзбекстан ғарыш кеңістігін зерттеуге бағытталған халықаралық шартқа қосылған еді. Бұл салада Қазақстан мен Өзбекстан серіктестікті нығайтуға ниетті», дейді «Өзбекғарыш» аэроғарыштық қызмет және ғарыш мониторингі жүйелерін дамыту бөлімінің бастығы Мухиддин Ибрагимов.
people.cn © People's Daily Online