- Барлық ақпарат
Бейжіңде Қытай-Қазақстан Бірлескен шекара комитетінің бірінші отырысы өтті
23 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 20-21 қаңтар аралығында Бейжіңде Қытай-Қазақстан Бірлескен шекара комитетінің бірінші отырысы өтті. Отырысқа Сыртқы істер министрлігінің Шекара және теңіз істері департаменті директорының орынбасары Чжао Лицзян және Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шекара қорғанысы бюросы директорының бірінші орынбасары Б.Әбсаматов тең төрағалық етті. Екі тарап бірлескен комитеттің ресми түрде құрылғанын жариялады және бірлескен комитеттің жарғысын қабылдады. Тараптар екіжақты қатынастар мен «Қытай-Қазақстан шекарасын басқару жүйесі туралы келісімнің» орындалуын оң бағалады. Қытай-Қазақстан шекарасының айқын және тұрақты, шекаралас оңірлер бейбітшілік пен тыныштық және достық ынтымақтастықтың тиімді жағдайда екенін толық растады. Сондай-ақ бірлескен комитеттің құрылуын шекараны басқару мен ынтымақтастықты одан әрі нығайту және Қытай мен Қазақстан арасындағы тұрақты және жан-жақты стратегиялық серіктестіктің дамуына ықпал ету мүмкіндігі ретінде пайдалануға бірауыздан келісті.
people.cn © People's Daily Online