- Барлық ақпарат
Қытайдың оңтүстігі мен солтүстігіндегі әдет-ғұрыптардың қандай айырмашылығы бар?
23 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Ежелгі заманнан бері кіші жаңа жылдың уақыты мен салт-дәстүрінің Қытайдың солтүстігі мен оңтүстігінде айырмашылықтары болған.
Кіші жаңа жылдың уақыт ерекшелігі
Қытайдың жаңа жылдық әдет-ғұрыптарының солтүстік пен оңтүстік арасындағы айырмашылығы кіші жаңа жылдан басталады. Қытайдың оңтүстігіндегі аймақтардың көпшілігі ай күнтізбесіндегі 24 желтоқсанды кіші жаңа жыл деп санайды. Ал солтүстік аймақтар негізінен ай күнтізбесіндегі 23 желтоқсанды кіші жаңа жыл ретінде қабылдайды.
Әр түрлі жаңа жылдық тауарлар
Солтүстік пен оңтүстік халқының тағамға пайдаланатын азық-түліктері мен ұнататын дәмдерінде айырмашылық бар. Жаңа жыл қарсаңындағы кешкі қонағасында дастарқан дәмге толады. Оңтүстіктегілер күріштен жасалған тұшпаралар мен күріш торттарын жесе, солтүстіктегілер еттен жасалған тұшпара дайындайды.
Оңтүстікке тән жаңа жылдық тағамдар: күріштен жасалған тәтті тұшпара, күріш торттары, жабысқақ күріштен жасалған тоқаш, бекон шұжықтары, тауық еті, үйрек, балық, теңіз өнімдері.
Солтүстік ерекшелігіне ие жаңа жылдық тағамдар: тұшпара, шошқа еті, қой және сиыр еті, тері, қуырлыған фрикаделька, қуырылған балық, қуырылған кеспе мен торттар.
Тамақтанып болғаннан кейін отбасындағылар бірігіп жаңа жылды күтеді. Сағат 12 болғанда отшашулар шашылып, ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алады.
Оңтүстік: Айдаһар мен арыстан биі Солтүстік: бұтхана жәрмеңкесі
Оңтүстікте айдаһар мен арыстан биі жылжымалы бұтхана жәрмеңкесіне тең. Оның ішіне «арыстан биі, айдаһар биі, түрлі-түсті қайықты есу, бамбук аттарын міну, тіреулерге шығу, балық шамдары» және тағы басқалар жатады.
Солтүстікте бұтхана жәрмеңкесіне барған көпшілік ондағы түрлі жеңіл тағамдардан дәм татып, тамаша қойылымдарды көреді. Сонымен қатар, шырақ тұтатып, тілек тілеу де дәстүрлі бұтхана жәрмеңкелерінің маңызды шарасы болып табылады.
people.cn © People's Daily Online