2024 жылы Шыңжаңның қаржылық шығындарының 77%-дан астамы халықтың әл-ауқатына жұмсалды

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 23 қаңтар

23 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жаңа жылдың басында Шыңжаң фермері Тұрдыбек Мәметожы өзінің жүк тасымалдау ісін кеңейтуді жоспарлап отыр. 2024 жылдың наурыз айында жүк көлігін сатып алғаннан кейін ол жыл бойына 60 000 юань табыс тапты.

«Соңғы екі жылда Шыңжаңның оңтүстігінде жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтетін көптеген ірі жоба жүзеге асырылды». Тұрдыбек Мәметожының тұрағы Шыңжаңның оңтүстігіндегі Қызылсу-қырғыз автономиялық облысының Ұлықшат ауданындағы Көларық ауылында орналасқан. Қазіргі уақытта оның отбасының негізгі табыс көзі мал шаруашылығынан жалақы табысына қарай ауысты.

Көптеген адам өздерінің кірістерін үкіметтің көмегімен көбейтіп жатыр. Шыңжаңның 2025 жылғы Екі сессиясының 20 қаңтарда өткен үшінші баспасөз мәслихатында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионы үкіметінің Бас хатшысы және кеңсе директоры Чжоу Сюйюн 2024 жылы автономиялық регион халықтың әл-ауқатына инвестицияларды үздіксіз ұлғайтқанын және Шыңжаңның қаржылық шығындарының 77%-дан астамы халықтың өмір сүруіне, әсіресе жұмыспен қамтуға, білім беруге, медициналық қызметтерге, әлеуметтік қамсыздандыруға, ауылдарды жандандыруға және т.б. салаларға инвестицияланғанын, соның арқасында адамдардың күнкөріс саласындағы бастамалары жаңа жетістіктерге жеткенін айтты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото