Қытайдың ауылдық жерлерін жандандыру 2027 жылға қарай айтарлықтай прогреске қол жеткізеді

(Онлайн Халық Газеті)2025 жыл 23 қаңтар

23 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті мен Мемлекеттік Кеңес «Ауылды кешенді жандандыру жоспарын (2024-2027 жылдары)» шығарды. Негізгі мақсат: 2027 жылға қарай ауылды жалпы жандандыруда елеулі прогреске қол жеткізіледі, ауыл шаруашылығы мен ауылдық аумақтарды заманауиландыру жаңа деңгейге көтеріледі.

Құжатта ұлттық азық-түлік қауіпсіздігінің негізі неғұрлым тұрақтылықты сақтап, ауыл шаруашылығының кешенді өндірістік қуаты тұрақты түрде жетілдіріліп, Қытай халқының азық-түлік мәселесінде ыдысын өз қолында ұстауды қамтамасыз етуі айтылған.

Құжатта астық егу алаңының тұрақтылығы шамамен 1,75 миллиард му, ал астық алқабының шамамен 1,45 миллиард му болуын қамтамасыз ету қажет екендігі баса көрсетілген.

Сол сияқты астық өнімділігін арттыру жобасын белсенді түрде жүзеге асырып, астық өндіру қуатын 700 миллион тоннаға деңгейіне тұрақты түрде жеткізу мақұлданған.

2035 жылға қарай ауылды жалпы жаңғыртуда шешуші прогреске қол жеткізіліп, ауыл шаруашылығын жаңғырту негізінен жүзеге асырылып, ал ауылдық жерлерде заманауи өмір сүру жағдайлары орнығатын болады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото