- Барлық ақпарат
Халықаралық білім беру саласындағы инновациялық үрдістер бойынша семинар өтті
24 қаңтар, «Халық Газеті» -- «2025 жылға арналған кәсіптік білім беру саласындағы халықаралық инновациялық үрдістері» жарияланды.
20 қаңтар күні Бейжіңде Қытай білім және ғылым академиясы мен Онлайн «Халық Газеті» бірлесіп ұйымдастырған Халықаралық білім беру саласындағы инновациялық үрдістер бойынша семинар өтті.
«Кәсіптік білім беру саласындағы халықаралық инновациялық үрдіс» атты тақырыптағы конференция онлайн және офлайн форматтарында өткізілді.
Үкімет органдары, халықаралық ұйымдар, кәсіптік-техникалық мектептер, жалпы жоғары оқу орындары, салалық кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу институттары қатарлы органдардан келген 200-ден астам өкілдер мен қонақтар кәсіптік білім берудің даму жағдайын талқылап, халықаралық кәсіптік білім берудің инновациялық тенденциялары жайлы тәжірибе алмасты.
Семинарда Қытай білім және ғылым академиясы «2025 жылға арналған кәсіптік білім беру саласындағы халықаралық инновациялық үрдістері» баяндамасын жариялады. Баяндама мазмұнына сай кәсіптік білім беру саласындағы халықаралық инновациялық бағыттар сегіз аспектіге бөлінді.
Бірінші, қоғамдық игіліктендіру. Қоғамдық игіліктің сипатын көбірек дәріптеу.
Екінші, жалпы біліктілік. Бір бағыттан жалпы біліктілікке алмасып дамуға назар аудару.
Үшінші, әртараптандыруға бейімделу. Әртүрлі субъектілердің үйлесімділігі мен әртүрлілікке негізделген қамтамасыз етуді назарда ұстау.
Төртінші, цифрлық трансформация өндірістің цифрлануының жалпы трансформациясын қамту.
Бесінші, жаппай өмірлік ету. Өмірдің барлық кезеңінде де біліктілікті шыңдауды қолдау.
Алтыншы, өндіріс пен оқытуды қатар жүргізу: теория мен практиканы өзара ұштастыру барысында мұғалімдердің кәсіби дағдысын жоғарылату.
Жетінші, заңмен басқаруды жүйелендіру. Көп өлшемді заңмен жөнге салуды қамтамасыздандыру жүйесін құру.
Сегізінші, халықаралық интеграция. Ынтымақтастық механизмдері мен стандарт жүйелерінің жалғасуы мен үйлесімділігін ілгерілету.
people.cn © People's Daily Online